Bugin

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

22 тамыз Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болғанына 29 жыл болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сонымен бірге биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына да 110 жыл толды. 

1960-1986 жылдар аралығында Дінмұхамед Қонаев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. 

1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін қысымға алынып, қызметінен кетті.

1987 жылы маусым айында «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген айыппен Қазақстан компартиясының орталық комитетіне мүшеліктен шығарылды.

Өмірінің соңына қарай халықпен еркін араласты. «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп аталатын естелік жинақтар жазып қалдырған.