Әлем

Балидегі G-20 саммиті: Зеленский мен Путиннің бетпе-бет кездесетіні рас па? 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балидегі G20 саммитіне Кремль басшысы Владимир Путин келетін болса Украина президенті Владимир Зеленский қатысуы мүмкін бе? Осы сұраққа байланысты АҚШ президенті өз ұстанымын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап. 

«Президент Путин G20-ға қатыспауы керек, өйткені ол Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатыр» - дейді Байден.  

Шын мәнінде, Америка Құрама Штаттарының Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасап, егер Владимир Путин келсе, Украина президенті Владимир Зеленскийдің G20 саммитіне қатысқаны жақсырақ болатынын айтты.   

Украина Президенті Кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк та осындай пікірді ұстанады, ол Владимир Зеленскийдің саммитке қатысуын орынды деп санайды: «...егер Путин болса, біздің қатысуымыздың қажеттілігі туындайды. Путиннің кез-келген жерде, кез-келген саммитте болуы жанама түрде саммитті ұйымдастырушылар егемен мемлекетке шабуыл жасаған Ресейдің ұстанымын заңдастыратынын білдіреді...» 

Путин G20 саммитіне қатысуы керек пе? 

Бұл сұраққа Батыстың пікірлері әртүрлі. Ресей Президентінің биылғы қарашада Балиде (Индонезия) өтетін G20 саммитіне қатысатыны нақты расталған немесе жоққа шығарылған жоқ.  

Индонезия президенті Джоко Видодо Bloomberg News-ке берген сұхбатында: «Си Цзиньпин келеді. Президент Путин де келетінін айтты» - деді.  

Индонезия президенті Украина мен Ресей президенттері саммитке қатысуға шақырылғанын растады.  

Сонымен бірге, барлық жетекші Батыс елдері Ресейдің Индонезиядағы Үлкен жиырмалық саммитіне қатысуының орындылығы немесе қажеттілігі туралы пікір білдірді.  

«Ресейдің Украинадағы агрессиясы жалғасып жатқан кезде G20 – ға қатысуға моральдық құқығы жоқ», - деді Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің бірі.  

Путиннің Зеленскиймен бетпе-бет кездесуі. Салдары қандай?

Ресей президенті Путин үшін маңызды қауіп факторы Владимир Зеленскийдің саммитке қатысуы болуы мүмкін. Бұл елеулі медиа мен имидждік қарама – қайшылыққа айналады. Өйткені Украина президентін Ресей агрессиясына ерлікпен қарсы тұрған елдің көшбасшысы ретінде қарсы алады. Ал, бұл Путин үшін ең үлкен қорлық болуы мүмкін.  

Екінші жағынан, Путин G20 саммитіне қатысудан толығымен бас тартқысы келмейді. Оны Ресейдің «Үлкен жиырмалықтан» шығып қалуын білдіреді және бұл жағымсыз имидждік шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан Ресей Федерациясының президенті саммитке тікелей қатысу жоспарын өзгертіп, оны бейнеконференция режиміне ауыстыруы әбден мүмкін.