Bugin

Илон Маск Tesla автопилотының бағасы көтерілетінін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla бас директоры Илон Маск Full Self-Driving (FSD) премиум автопилот жүйесінің құнын 25 пайызға өсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кәсіпкер Twitter парақшасында, жүргізушіге көмек көрсету жүйесінің бағасы 15 мың долларға дейін көтерілетінін жазды.

«FSD Beta 10.69.2 кең таралғаннан кейін Солтүстік Америкадағы FSD бағасы 5 қыркүйекте 15 000 долларға дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта FSD толық автономды жүргізу жүйесі $12 000, ал жазылым айына $199 тұратыны атап өтілді. 5 қыркүйекке дейін жасалған, бірақ кейінірек жеткізілген тапсырыстар бірдей бағаға бағынатыны хабарланды.