Әлем
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Зеленскийге Путинмен Түркия аумағында кездесу өткізуді ұсынғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Известия» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Режеп Тайып Ердоған 22 тамыз күні министрлер кабинетінің отырысында Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды мақсат тұтатынын айтты.
– «Біздің мақсатымыз – жақын арада Путин мен Зеленскийді біздің жерімізде кездестіріп, дағдарыстан шығуға жол ашу», – деді Ердоған.
Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты. Мемлекет басшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайды және Украина дағдарысын реттеу жолдарын талқылайды.