Спорт

Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы атануы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз толыққанды әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Boxingscene сайты орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақстандықпен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға өту туралы шешім қабылдағаннан кейін осындай қорытындыға келді.

Басылым мәліметінше, Андраде орта салмақтағы титулдан бас тартып, екінші орта дивизионға (76,2 кг) көтерілмек. Америкалықтың мұндай қадамға баруының себебі - Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 KO) жекпе-жекке шыққысы келмейтіндігі мен орта салмақта карьерасының болашағы бұлыңғыр болуы. 

Андраде 2021 жылы қарашада ирландиялық Джейсон Куиглиді (19-2, 14 KO) жеңгелі бері рингке шықпады. Ал жекпе-жектен кейін әлсіз қарсылас таңдады деп сынға қалды. 

Жәнібек мамыр айында WBO ұйымының «уақытша» чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді.