Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТірі тауар. Бұл – Мира Сорвино мен таңғажайып Дональд Сазерлендпен бірлесе түсірген шағын сериалының атауы. Картина үш түрлі елде қыздардың жоғалып кетуінен басталады. Жоғалғандарды іздеу мақсатында детектив пен көші-қон қызметкері құл саудагерлерінің халықаралық желісіне барады.Әлбетте ешкім өзін құл ретінде саудалағысы келмейді. Бірінің ата-анасы сатса, енді бірі «тәтті сөздерге» алданып құлдық қамытын ккиеді. Фильмді қарау ауыр.
Адам саудасы өте ауыр қылмыс. Дегенмен әлі күнге дейін бұл сауда әлемнің әр түкпірінде жасалып жатыр. Себебі, сұраныс бар…
Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз, оны шамалап ғана айтуға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем бойынша құл саудасына жыл сайын 4 миллион адам сатылады деп айтады. Десе де, құлдар жабық базарларда сатылып, құпия ұсталатындықтан реал сандар бұдан да көп болуы мүмкін.
Адам саудасының ең жиі кездесетін түрі – қыздар мен әйелдерді жыныстық құлдыққа қолдану. Іс жүзінде балалар да, ер адамдар да адам саудасының құрбаны. Оларды тек ұрлап алып, басқа мақсаттарға сатады. Бірақ әйелдер мен балалар жалпы адам саудасы құрбандарының жалпы 80 пайызын құрайды. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, тек Еуропада жыл сайын 500 мыңға жуық әйел жыныстық құлдыққа сатылады.
Бұл мәселе барлық елдер үшін өзекті. Құл саудагерлері саяси немесе экономикалық жағдайы тұрақсыз елдерден, жергілікті қақтығыстар немесе соғыстар болып жатқан жерлерден «құлдарды» - әйелдерді де, ерлерді де ұрлайды. Зардап шеккендердің кейбірі көшеде ұрланған, бірақ көпшілігі алдау арқылы құлдыққа түседі. Бастапқыда бұл адамдар, әрқайсысы өз себептері бойынша, көшуге немесе жаңа жұмысқа келіседі. Сол шешімі арқылы еркінен айрылады.
Оның басты себебі – кедейлік. Бірақ басқала да себептер бар: білімнің жетіспеушілігі, құқықтық сауаттылықтың төмен деңгейі, дисфункциялық отбасы немесе оның болмауы, тәуекелге және авантюризмге бейімділік, кейде психикалық бұзылулар.
Адамдар жарқын болашаққа сеніп келіседі. Бірақ соның салдарынан құжаттары мен заттарынан айрылады. олардан алынып, толығымен қаналады. Әйелдер мен балаларды зорлап, үй шаруасымен айналысуға немесе қайыр сұрауға, ал еркектерді ауыр жұмысқа жібереді.
Кішкентай балалар саудасын бөлек айту керек. Биологиялық анасы баласын басқа адамға сатса да, бұл – қылмыс . Кейде адам ағзасын сату мақсатында шетелде жұмыс істету үшін өткізгендей кейіп танытады. Бірақ мұндағы тауар – адам ағзасы. Себебі кей ағзадлар шекарадан «бұзылмай» жарамды боп өту үшін қылмыскерлер адамды тірідей қолға түсіреді.
Жоғарыдағы фильмде тіпті балалардың педофильдер үшін сатылғанын көрсеткен. Кішкентай қыздарды ата-анасының көзінше ұрлап әкеткен да жағдайлар бар. Модель боласың деп сендіріп, келбетті қыздарды жда ұрлап әкетеді. Ең таңқаларлығы – олар қысқа мерзімде орналасқан орнын алмастырып отырады. Кейбірі құлдықтан босай алса, кейбірі өздерін ұрлаған адамның кесірінен қаза табады.
P.S.Адам өмірінің құны қанша? Бір адамнан алынған ағзалардың нарықтағы құны 1 млн АҚШ долларынан асып жығылады. Жыл сайын бұл сандар өсіп отырмаса, кемімейді. Дегенмен әр санның артында тағдыр жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61