Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНью-Йорктік Миссис Бадд 1934 жылы қарашада біртүрлі хат алады. Онда ер адам Қытайдағы теңізші досы туралы баяндаған. Ол жерде тамақ нашар болғандықтан кедейлер балаларын ет үшін сататыны айтылған. Дүкендерде дененің кез келген бөлігін алуға болады. Қытайда өткен бірнеше айда теңізші адам етінің дәміне үйреніседі. Нью-Йоркке қайтып келгенде, ол адам етін жегісі келеді. Көшеден екі бала ұстап , үйінің жертөлесіне апарып жеп қояды. Автор сол кезде досы оны адам етін жеуге үйреткенін айтады.
Хат былайша жалғасады: «Сосын, Бадд ханым, мен сіздің үйіңізге бір себет құлпынайыммен келдім. Бірге таңғы ас іштік. Кішкентай Грейс менің тіземе отырып, мені сүйді. Осы сәтте мен оны жеуге шешім қабылдадым. Мен оны кешке мерекеге орай серуендетуді ұсындым. Сіз: «Иә, ол бара алады» дедіңіз. Мен сол кезде алдап, оны алдын ала таңдаған бос үйге апардым. Онда мен барлық киімдерімді шешіп алып, Грейсті шақырдым. Ол мені жалаңаш көріп, айқайлады. Мен оны ұстап алып, киімін жыртып, буындырып өлтірдім. Сосын жұмсақ жерлерін кесіп, пеште қуырдым. Мен оны 9 күнде толық жедім. Мен онымен жыныстық қатынаста болған жоқпын, ол пәк өлді».
Бұл хатты «Алиенист» кітабы мен телехикаясындағы маньяктың прототипіне айналған Альберт Фиш жазған. Ол 498 баланы өлтіргенін мәлімдеді.
Альберттің отбасында 7-ші ұрпаққа дейін барлығы дерлік психикалық ауруға шалдыққан. Алкоголизмнен, галлюцинациядан және діни адасушылықтан зардап шекті. Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы Альбертті балалар үйіне беріп, оны үнемі ұрып-соғатын.
12 жасында анасы оны балалар үйінен алып кетті. Дегенмен оның психикасынан педофильге тән ойлау жүйнесі байқалды. Альберттің анасы оны үйленуге мәжбүрледі. Оның 6 баласы болды. Дегенмен бұл да оның қанды қол қылмыстық жолына тоқтау бола алмады.
1910 жылы ол өзінің алғашқы кісі өлтіруін жасады. Екінші адамды біраз уақыттан кейін, 9 жылдан соң өлтірілді. Ал бес жылдан кейін ол сегіз жасар Беатрис Кильді өлтірді.
Ал 1928 жылдың мамыр айында Альберт Бадд үйіне отағасын жұмысқа жалдаймын деген сылтаумен келеді. Олар «қолдарын алысып» келісімге келеді. Содан кейін Альберт отбасының кішкентай қызы Грейсті мерекеге бірге жіберуге көндірді. Осыдан кейін Грейсті ешкім көрмеді. Үйге оралмады. Оның өлімі туралы жантүршіктірерлік хат қана келді.
Олар Альберт Фишті осы хат арқылы ұстады. Баддтардың үйіне келген хатта жүргізушілер қауымдастығының ерекше мөрі басылған. Оны осы бірлестіктің есігінің қызметкері пайдаланған. Бірақ бұл конверттердің кейбірін жалдамалы пәтерде ұмытып кеткен. Полицейлер пәтер иесінен Альберт Фиштің сол жерде тұратынын анықтады. Баласы оған осы мекен-жайға ақша чектерін жіберді. ал Альберт үй иесінен келесі чекті ол келгенше ұстап тұруын өтінді. Ал полицейлер Фиштің тексеруге келуін күтті. Басында ол қарсылық танытты, бірақ полейцейлер оны байлап тастады.
Тергеу барысында ол тағы бір кісі өлтіргенін мойындады. Ол – Билл Гафни. Фиш өзінің жынды екенін көрсеткісі келсе де, оның айыбын ешкім ақтағысы келмеді. Ол тергеуде балаларды өлтіруді бұйырған Құдайдың дауысына сілтеме жасады. Психиатрлар Фиштің ессіз деп қорытынды жасамады. Бірақ сот үкім – Альберт Фиш кінәлі, біз кінәліміз және оны электрлік креслода өлтіру керек деп шешті.
Сот үкімінен кейін Фиш 8 жасар Фрэнсис Макдонеллді де өлтіргенін мойындады.
Альберт Фиш 1936 жылы 16 қаңтарда өлім жазасына кесілді. Оның денесіне ток ұрғанда, ол өлмеген. Бірнеше рет қайталанған соң ғана жан тапсырған.
Ол соңғы сөзінде «Мен неліктен мұндай күйге түскенімді білмеймін» деген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61