Bugin

«Бәйтерек» Сбербанктің еншілес компаниясын сатып алу туралы мәміле жасалғанын растады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Сбербанк» тобы «Сбербанк Қазақстандағы» («Сбербанк» АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сбербанк» қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдағаны айтылды.

«Сбербанк Қазақстан» өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көптеген жыл бойы Қазақстан қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі саналды.

«Сбербанк Қазақстанды» сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады. Клиенттер үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.

«Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған «Сбербанк Қазақстан» қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратын болады», - делінген хабарлмада.

Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр.