Үш баласын көлге батырып өлтірмек болған әйелге қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда балаларын көлге батырып өлтірмек болған келіншек бұндай әрекетке қызғаныш салдарынан барған. Бұл туралы Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы, қоғам белсендісі Ақмарал Басирова айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айтуынша, әйел күйеуін әріптестерінен қызғанған. Өш алмақ болып, балаларын өлтірмек болыпты. Әйел жүкті болып шықты. Отбасындағы 3 баланың екеуі 4 және 3 жаста, кішісі бір жастан енді асқан.

Келіншек қазір психоневрологиялық диспансерде. Басированың айтуынша, әйел бұрын бұл жерде есепте тұрмаған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, балалар ауруханадан үйге шығарылған. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір әкесімен бірге.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61