Bugin
ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі бензин мен дизель отынының қанша қоры бар екенін хабарлады. Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлемдер күн сайынғы қор ретінде есептеледі.
«Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз – бұл толықтырылып отыратын көлемдер болып табылатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар болып табылмайды, жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз», - деген ақпаратта.
Ағымдағы жылдың «23-тамыз сағат 18:00 дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 183,3 мың тоннаны, ал дизель отынының қоры 221,7 мың тоннаны құрап тұрғандығын хабарлаймыз»,-деп ақпарат түйінделген..