Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖігіттер қарым-қатынас құруды қаламаса, басқаша әрекет етеді. Біреу бұл туралы тікелей айтады, біреу жауаптан жалтарады, ал біреу жазуды жалғастырады. Романтикалық ойларға бейім қыздар ойша балаларына есім қойып үлгереді. Ал жігіт бірде бар да, бірде жоқ.
Ол өзін кінәлі сезінеді
Көптеген ер адамдар қызды ренжіткісі келмейді. Сондықтан өздерін кінәлі сезінеді. Кейбіреулер мұны қалай істеу керектігін білмейді. Бірақ уақыт өте келе қыздың өзі оған деген қызығушылығын жоғалтқанын түсінеді. Сол кезде ғана олардың жолы екіге бөлінеді.
Ол дос болып қалғысы келеді
Кейбір ер адамдар қыздармен дос болып, олармен қарым-қатынасты жалғастырғысы келеді. Себебі қызға жігіт болғаннан, дос болғанның машақаты азырақ.
Жігіт абдырап қалады
Келесі фактор - уақыт. Кейбір жігіттер соңғы шешім қабылдағанға дейін өз сезімдерін реттегісі келеді. Ол қызбен хабарлама алмаса береді. Өйткені ол сізбен байланысын үзгісі келмейді. Бірақ ол әлі өзінің сезіміне сенімді емес.
Ол қысқа уақыт жүгіргісі келеді
Жігітке араласып бастаған кездегі көңілді эмоциялар маңызды. Оған тіпті тек сол керек. Ол жай ғана сізбен флирт жасағысы келеді. Сол арқылы көңілді болады. Артық ешнәрсе емес.
Ол өтпелі кезеңде
Иә, ол өтпелі кезеңде. Бірақ жасөспірім шақтағы кезең емес. Басқа қалаға көшу, жұмысты өзгерту немесе іздеу, өзге де проблемалар. Сіз ол жігітпен араласқыңыз келгенмен, жігіт қарым-қатынас орнатуға дайын емес.
Ол өзі ұнатқан адаммен айырылысып кеткен
Оның соңғы жүрген қызына сезімі әлі де бар. Сондықтан ол өзін де, сені де қинағысы келмейді.
Ол жалғыз қалғысы келмейді
Кейбір жігіттер жалғыз қалудан қорқып, қыздармен араласады. Мысалы, олар жалықса, қызды кинотеатрға немесе кафеге шақырып, кештің көркін келтіреді.
Ол жәй көп қызбен араласқанды ұнатады
Жәй дегенімізбен бұның да өзіндік себебі бар. Жігіт сыртқы ортада өзін маңызды сезінгісі келсе, ол бірнеше адаммен бір уақытта араласады. Яғни оған қоғамда өзін маңызды сезінетін фактор жетіспейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61