Bugin
Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамауға алу мерзімі алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 21 қазанына дейін уақытша тергеу изоляторында болады.
«Соттың 16 тамыздағы қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 21 қазанға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.