Bugin

Зеленский соғысты неге аяқтай алмайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Зеленский 23 тамызда Қырым саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ресеймен Минск-3 түріндегі жаңа келісімдерге қол қоймайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Менің негізгі хабарым қарапайым. Біз [соғысты] аяқтау мәселесіне көшіп, Ресеймен сөйлесуді бастауымыз керек деген кеңестерді түсіндік. Бірақ біз атысты тоқтатуға дайын емеспіз. «Минск-3», «Минск-5» немесе «Минск-7» болмайтынын түсіндірдік. Біз бұл ойындарды ойнамаймыз, өйткені бұл тұзақ», - деді Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, қандай да бір келісімдерге қол қою үшін алдымен соғысты тоқтату керек.

«Минск-2» – екінші Минск келісімі – Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысты реттеуге бағытталған құжат. Ол 2015 жылғы 11-12 ақпанда Минскіде өткен «Норманд төрттігі» форматында Германия, Франция, Украина және Ресей басшыларының саммитінде келісілді. Кейін Минск келісімдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарымен бекітілді. Олардың бірде-бір пункті орындалмады. Олардың алдында 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Минскіде қол қойылған, Украинаның Донецк және Луганск облыстарының аумағында атысты тоқтатуды көздейтін Минск хаттамасының жобасы әзірленді. Хаттамаға қол қойылғанына қарамастан, Украинаның шығысындағы соғыс қимылдары жалғасты. 2015 жылдың қаңтар айының ортасында қақтығыс тараптары іс жүзінде хаттаманың тармақтарын орындауды тоқтатты.

«Біріншіден, «соғыстан кейін» деген тіркесті қолдану орынсыз. Мұны бәріміз түсінуіміз керек. Қазір бізде соғыс. Екіншіден,  әзірге келіссөздер туралы әңгіме болмайтынын түсіну кеерек. Үшіншіден, Ресей тарапынан «Украина бейбітшілікті қаламайды» деген әңгімелер, жұмсақтап айтқанда, күлкілі», - деп ашуланды Украина президенті.