Bugin
Қазақстанда онлайн некеге тұру жеңілдеді. Бұрын неке куәлігі бір айда берілсе, енді цифрландыруды жетілдірудің арқасында 15 күннің ішінде дайындалатын болды.
Бұл өзгеріс 2022 жылдың 15 тамызынан бастап іске қосылды. eGov.kz электрондық үкімет порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы некеге онлайн тұру өтінішін бере отырып, күнтізбелік 15 күннен ішінде некеге тұру куәлігін қолына алады. Бұрын бір ай күтуге тура келетін.
Электрондық үкіметтің хабарламасыне сүйенсек, бұл өзгеріс "Өзгерістер ҚР ӘМ бастамасы бойынша неке қию мерзімдерін оңтайландыру және отбасын құрудағы кедергілерді жою мақсатында, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.
Некеге алғаш рет тұрған және баласы жоқ жастарға онлайн қызметке өтініш беру үшін жеке куәлігін ұсынса жеткілікті. Тіркеуді АХАТ бөлімдері жүзеге асырылады. Некенің тіркелгені жөніндегі куәлікті азаматтар осы АХАТ бөлімінен алады.
Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылы 15 шілдеде "Цифрландыру туралы" заң қабылданды. Оған сәйкес, электронды қызметтерді жетілдіру, оңтайландыру жұмыстары бірізді қолға алынуда.
Қазіргі таңда eGov Mobile қосымшасы арқылы жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19 үшін ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, әлеуметтік ID, вакцинация паспорты, көп балалы отбасының жәрдемақысын алу, мүгедектік куәлігі, атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі сияқты құжаттардың электронды нұсқаларын оңай жүктеп алуға болады.