Қоғам

Қазақстанда 2023 жылы ең төменгі жалақы қанша болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаржы министрлігі  «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы 60 000 теңгені құрайды;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды.