Әлем
Украина президенті Владимир Зеленский егер халық одан биліктен кету туралы талап қойып, бұл әрекеті соғысты тоқтатуға көмектесетін болса, ақпан айында отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Washington Post» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен билікті ұстап тұруға тырыспаймын. Егер бұл маған қатысты мәселе болса және ол соғысты тоқтатуға көмектесетін болса, онда мен биліктен кетуге дайынмын. Мен қазір-ақ кетемін. Мен саясатқа ол үшін келген жоқпын», – деді Зеленский.