Bugin

Әлемде 5 миллиард адамның деректері сатылып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Oracle компаниясы бес миллиард қолданушының жеке деректерін сатқаны үшін сотқа берілді.Бұл туралы Bugin.kzпорталы  The Register сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа арызды Ирландияның Азаматтық еркіндік кеңесінің мүшесі Джон Райан берді. Оның айтуынша, компания бес миллиард адамның деректерін жинаған, оларды сатудан түскен табыс бір жылда 42,4 миллиард долларды құраған.

Ішінара сотқа арналған деректер компания негізін қалаушы Ларри Эллисон адамдардың жеке деректердің жиналуын сипаттаған 2016 жылғы презентациясынан алынған. Сотта Oracle досьесінде есімдер, үй мекенжайлары, электрондық пошталар, онлайн және дүкендегі сатып алулар, геолокация деректері, кірістер, қызығушылықтар және саяси пікірлер бар екені айтылған.