Bugin

Қаңтар оқиғасы: Ресейдің 9 дивизиясы басып кіруге дайындалғаны рас па? (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда қаңтар оқиғалары басталған кезде Ресей Федерациясы өз әскерін кіргізіп, елді басып алмақ болған. Бұл ақпаратты алғаш болып білген ғарышкер Тоқтар Әубәкіров. Екеуара болған әңгімені белгілі кәсіпкер Ұзақбай Айтжанов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Тоқтар Әубәкіровтен «қаңтар оқиғасы болып жатқанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы әскерін (әрі қарай - ОДКБ) кіргізу керек деп теледидардан айтқаныңыз қалай? Сізді жұртшылық сатқын деуге дейін барып жатыр, астары не?» деп сұрадым. Сонда Тоқаң былай деп жауап берді: 

«Шерулер енді басталып, әлі қантөгіс, бұзақылық жоқ кезде маған Мәскеуден өзімді жақсы білетін беделді әскери адамдар телефон соғып, Қазақстанға 9 дивизия кірейін деп жатқанын хабарлады. Оның ішінде әуе десанттары да, ауыр артиллерия да бар екен. Жақын күндері біздің елге кіріп, өз тәртіптерін орнатпақ екен. Мен осы ақпаратты ел билігіне айттым. Бірақ олардың тарапынан ешқандай ұсыныс, қимыл байқалмағандықтан, амалсыздан телеарна арқылы ОДКБ әскерін шақыру туралы ұсыныс беруге мәжбүр болдым. Егер ОДКБ әскері кірсе, Ресей билігінің зұлымдық идеясы жүзеге аспай қалады деген пайым тұрды. Содан бір-екі күннен соң Тоқаев шешім қабылдап, онлайн жиналыс өткізіп, ОДКБ-ны шақырды. Біздің бақытымызға орай ОДКБ-ға қазір төрағалық етіп отырған Армения. Содан олар екі-үш сағат ішінде шешім қабылдады. Осылайша Кремльдің жоспары іске аспай қалды. Басып кірейін деп дайын тұрған әскердің ішінен таңдап, ОДКБ, яғни басқа мемлекеттердің солдаттарымен бірге жібере салды».