ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеуді аяқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттің бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҰҚК комитеттің бұрынғы басшылығы Мәсімов К.К., Садықұлов А.Т., Ерғожин Д.Е., Осипов М.С. және лауазымды тұлғалар Акипов Д.М., Бекмұрат Н.Қ.-ға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Мәсімов пен Садықұловтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық), 179-бабының 3-бөлігі (билікті күштеп басып алу) және 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сарапталған; Ерғожинге Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі (билікті күштеп басып алу) және 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (билік пен өкілеттікті асыра пайдалану); Осиповқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі (Билік пен өкілеттіктерді асыра пайдалану); Акипова мен Бекмұратқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының 1-бөлігі (Билік пен өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктілер іс материалдарымен танысып жатқаны атап өтілді.

«Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі таныстыру мерзіміне 6 қазанға дейін, Ерғожинді 13 қазанға дейін, Осиповты 22 қазанға дейін ұзартты», - деп толықтырды ҰҚК.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61