Әлем

iPhone 14 шығарылымының тұсаукесері өтетін күн белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Apple компаниясының тұсаукесері 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы компанияның сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Apple Park кампусындағы Стив Джобс театрында өтеді. Тұсаукесерде Apple iPhone 14 смартфондар желісі мен Apple Watch Series 8 смарт-сағаты таныстырылады.

Сонымен қатар, компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.

Тұсаукесер аясында Apple сонымен қатар Apple Watch SE және Apple Watch Pro 2-буын таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлады.