Bugin
Бүгін 6 кісінің өмірін қиған АҚШ тарихындағы ең қатігез және қорқынышты қылмыскерлердің бірі Ричард Чейздің оқиғасын әңгімелейтін боламыз. 1978 жылдың қаңтарында шуақты Сакраменто тұрғындары қала маңында ішкі ағзаларды жеп, қан ішетін сериялық өлтіруші өмір сүретінін білді. Полиция маньякта құрбандарды таңдауда логика жоқ деген қорытындыға келді. Себебі, ол жасаған қылмыстардың ешбірінің бір бірімен ешқандай байланысы жоқ еді.
Чейз 1950 жылы 23 мамырда қарапайым отбасыда дүниеге келген. Әкесі мен анасы Ричард пен оның қарындасын қатал және патриархалдық дәстүрде тәрбиеледі. Әкесі мен анасының арасында үнемі жанжал туындап, нәтижесінде олар ажырасып кеткен. Ричард кішкентай күнінен мысықтарды өлтіріп, оның ішектерін ақтаруды ұнатқан.
Ал, жасөспірім шағында марихуанаға тәуелді болып, кейіннен жартылай синтетикалық психоактивті зат сататын орын ашты. Кейіннен Ричард психикалық ауруға шалдығады. Чейздің есірткіге тәуелділігінің салдарынан оның достары да аз болды. 24 жасында дәрігерлер оған клиникалық делирий белгілері бар деген диагноз қойды.
Чейз жануарларды бауыздап, олардың ішек қарнын ақтарып, етін жеуді есейген кезінде де тоқтатпады. Бұл әрекетінің өршуіне басты себеп есірткіге тәуелділігі еді. Бір күні есірткі дозасын тым көп қолданғанының салдарынан ол есін жоғалтып, қояндарды ұстап, олардың ішкі мүшелерін шикілей жей бастады. Ол қоянның қанын көк тамырға жібермек болған. Нәтижесінде өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер Чейзді тәртібі қатал ауруханалардың біріне орналастырды. Алайда, ол қорқынышты тәжірибелерін жалғастырып жүрді. Бір рет тәртіп сақшысы оны аузы қан күйінде ұстаған. Жігіт екі көгершінді темір тордан шығарып алып, мойындарын бұрап, қанын ішкенін түсіндірді.
Чейз мықты препараттармен емдеу курсынан өткеннен кейін «өз қалауы бойынша» босатылды.
Ол анасының үйіне оралып, қылмыстық әрекеттерін жасауды жалғастырды. Анасы оған дәрі-дәрмек беруді тоқтатты, өйткені жігіт олардың пайдасынан гөрі зияны көп екеніне сенімді болды. Ричардтың жағдайы нашарлай түсті. Ол бөтен-нацистік қастандық идеясына құмар болды және біреу оның тамағын улап жатыр деп күдіктенді.
Бірде ол анасының көзінше мысық өлтірді. Осы оқиғадан кейін Чейздің әкесі оған бөлек пәтер жалдап берді. Тәуелсіз өмір Ричардты одан әрі еркінсітті. Ол осылайша «аң аулауға» көшті.
Жаңа хобби да пайда болды. Ол суық қару қолдану. 1977 жылы тапанша сатып алды. Сол жылдың тамыз айында оны полиция Невада штатындағы Пирамида көлі маңындағы жағажайда ұстады. Детективтер ішінде екі мылтығы мен жүксалғышында бауыр салынған шелек тауып алды.
Көп ұзамай полиция жақын маңдағы бұталардың арасында жасырынып жүрген Чейздің өзін тапты. Оның бүкіл денесі қанға боялған еді. Кейін жас жігіттен жауап алынып, бауыр сиырдікі болып шықты.
Чейз өзінің алғашқы кісі өлтіруін кездейсоқ жасады. 1977 жылы 29 желтоқсанда ол 51 жастағы инженер Амброуз Гриффиннің үйінің жанынан өтіп бара жатқанда, ер адам әйелімен бірге көліктен өмкелерін алып жатқан. Чейз екі рет оқ жаудырады. Бір оқ Гриффиннің кеудесіне тиіп, көліктің қасына құлайды. Әйелінің айтуынша, ол не болғанын мүлде түсінбеген.
Қылмыс орнына келген полицейлер 22 калибрлі оқтардан екі гильза тапқан.
Осы кісі өлтіруден екі күннен кейін Гриффиндерге көрші тұратын әйелден қоңырау түскен: біреу оның үйіне кіріп, қабырғаға оқ атқан. Үй иесі бұл кезде бөлмеде болмағандықтан, бейтаныс адамның әрекеті оғаш көрінген.
1978 жылы 11 қаңтарда Ричард көршісімен оның пәтерінің кіреберісінде соқтығысқан. Чейз жігіттен темекі сұраған, ол темекі бергеннен кейін де ол кетпеген. Чейз оған бүкіл пакетті беруді талап етіп, әйелдің қолындағы темекіні қорабымен өзіне алып алған. Кейінірек көршісі полицияға оның бір рет пәтеріне үш күшік сүйреп бара жатқанын көргенін, бірақ ол жануарлардың қайтадан сыртқа шықпағанын айтты. Осы оқиғадан шамамен екі аптадан кейін ерлі-зайыпты Роберт пен Барбара Эдвардс Чейзді өз үйінде ұстады. Олар пәтерге жақындап, іштен шыққан дыбысты естиды, белгісіз біреу олардың жақындағанын байқап, терезе арқылы сыртқа шығып кеткен. Роберт адамды қуып жетуге тырысты, бірақ ол қашып үлгерген.
Чейздің екінші құрбаны 22 жастағы Тереза Уоллин болды. Бұл оқиға 1978 жылдың 21 қаңтарында болды. Қыз қоқысты шығарғалы жатқанда есік ашылып, Ричард оған шабуыл жасаған. Ол екі рет оқ атқан. Біріншісі білегіне, екіншісі – басына тиген. Әйел құлағаннан кейін де Чейз оқ атуын тоқтатпаған.
Терезаның күйеуі Дэвид Уоллин кешкі сағат алтылар шамасында үйіне оралып, әйелінің кесілген денесін тауып алған. Маньяк Терезаны зорлап, оның ішектерін, ұйқы безін, бүйректерін және көкбауырын алып тастаған.
Чейз өзінің соңғы қылмысын 1978 жылы 27 қаңтарда жасады. Ол досы Дэн Мередитпен, 6 жасар ұлы Джейсонмен және 1,5 жасар жиені Дэвидпен бірге болған 38 жастағы Эвелина Мироның үйіне кіреді. Чейз үйге басып кіріп, бірінші болып Дэнді атқан. Оны полиция кейінірек қанға көмілген жерден тапты. Шабуыл кезінде Эвелин ваннада болған. Есік алдында мылтығы бар ер адамды көрген ол жатын бөлмеге жүгірмек болды, сол кезде Чейз оны басынан атып тастаған. Оның ұлы Джейсонның денесі жатын бөлмесіндегі кереуеттен табылды . Балаға оқ атылған. Полиция оның денесін таппағандықтан, сәби Дэвидке не болғаны белгісіз.
Ричардтың бұл әрекетін крші қыз көріп, полицияға шағымданған. Қыздың айтуы бойынша қылмыскердің идентификациясы жасалады. Детективтер жақын маңнан оның көлігін тауып, маньяктың жасаған қылмыстары арнайы жоспарланбағанын білді. Себебі, ол айғақтарды жасыруға да тырыспаған.
Мироның үйіндегі кісі өлтіру оқиғасынан бес күннен кейін Нэнси Холден есімді қыз полицияға хабарласып, қылмыскердің есімін білетінін айтты. Ол Чейзді оқиғаның алдында дүкеннің тұрағында кездестіргенін, ол қызбен сөйлеспек болғанын айтты. Холден Ричардтың мектепте бірге оқыған жігіт екенін кейіннен білген.
Холден белгілер бойынша маньяк Чейзге өте ұқсас екенін айтты. Көп ұзамай оның үйіне полицейлер келгенімен, ер адам есікті ашпаған. Детективтер кетіп қалғандай кейіп танытып, Чейздің үйден шығуын күтті. Сәтті жақсы ұстап үлгерген детективтер оны дереу ұстады. Олар маньяктың үйінен бірнеше айғақтарды тапты. Детективтер ас үйден табақтар мен блендер, тоңазытқышқа салынған адам қалдықтарын тапты. Контейнерлердің бірінде адамның миы болған.
Чейздің соты 1979 жылы 2 қаңтарда басталды. Ол кезде ол өте арық болды. Бойы екі метр болғанымен, салмағы 50 кг-ға да жетпеген. Қорғаушы тарап Ричардтың науқас екенін және оның әрекеттері үшін толық жауап бере алмайтынын айтты.
Чейз жауап алу кезінде бұл кісі өлтірулердің барлығын ұшатын тәрелкелерде жүретін фашистер жасауға мәжбүрлегенін айтты. Ол олардың шарттарына келісу арқылы ғана өз өмірін сақтап қалуға болатынын айтты. Алайда, Чейздің кісі өлтірумен қатар бірнеше ұрлық жасағаны белгілі болды.
Қазылар алқасы Чейзді алты кісі өлтіруге кінәлі деп шешті. Танымал маньяк өлім жазасына кесілді. Үкім 1979 жылы 8 мамырда жарияланды. Ол Сан-Квентин түрмесінде өлім жазасына кесілді.