Bugin

Қазақстан мен Ресей келіссөз жүргізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті», - делінген хабарламада.

Министрлер жоғарыдеңгейде өтетін алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты талқылады.

«Сочиде жақында өткен саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдары да қарастырылды», - деп қосты СІМ.