Әлем
Ресей президенті Владимир Путин Қарулы күштердің штаттық санын арттыруды көздейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің штаттық саны 2 039 758 бірлік, оның ішінде 1 150 628 әскери қызметші болып белгіленсін», - делінген жарлықта.
Жарлық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Путиннің 2017 жылғы қарашадағы бұрынғы жарлығына сәйкес, армияда 1 902 758 адам, оның ішінде 1 013 628 әскери қызметші бар.