Спорт

Канело Головкин туралы: «Шаршы алаңға қайта шыға алмайтындай етемін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Суперорта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинді рингке қайта шыға алмайтындай нокаутқа түсіретінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Ол маған ұнамайды. Мен оны шаршы алаңға қайта шыға алмайтындай нокаутқа түсіргім келеді. Оны зейнетке жіберіп, рингтен мүлдем кетіремін. Соңғы кезде ол мен туралы көп сөйлеп кетті. Сондықтан бұл жеке есеп айырысу. Головкин менің көзімше үндемей, сырттан мен туранокаутлы көп нәрсе айтады. Енді оны нокуатқа жіберетін уақыт келді. 12-раундқа дейін нокаутқа түсіремін. Сол үшін бар күшімді саламын», –  деп Альварестің сөзін келтірді BBC.

Боксшылар 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста үшінші рет қолғап түйістіреді.