Әлем
Владимир Зеленский Украинаның ядролық апатқа бір қадам жақын қалғанын хабарлады. Бұл туралы ол кезекті видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
- «Бүгін тарихта алғаш рет Запорожье атом электр станциясы жұмысын тоқтатты. Ресейдің оқ жаудыруы салдарынан стансадан Украинаның энергетикалық жүйесіне шығарылатын соңғы жұмыс желісі зақымданғаннан кейін энергоблоктардың апаттық қорғанысы жұмыс істеді», - деді Украина президенті видео үндеуінде.
Зеленский станцияның өзіне қуат беру үшін дизель генераторлары бірден жұмыс істегенін атап өтті.
«Әлем мұның қандай қауіп екенін түсінуі тиіс: егер дизель-генераторлар қосылмаса, егер блэкауттан кейін автоматика мен біздің станция қызметкерлері жұмыс істемесе, біз қазірдің өзінде радиациялық апаттың салдарын еңсеруге мәжбүр болар едік. Ресей. Украинаны және барлық еуропалықтарды радиациялық апаттың, апаттың алдында қалдырды», - деді Зеленский.