Әлем

Солтүстік Корея Ресейге соғыс үшін 100 мың сарбаз беруі мүмкін бе? - сарапшы жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер Солтүстік Корея Ресейге қолдау көрсету үшін соғыс даласына қарай әскерлерін жылжытатын болса, АҚШ Украинаға қолдауын күшейтеді. Бұл туралы Espresso телеарнасының эфирінде Defence Express сарапшысы Иван Киричевский айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.   

«Егер Ресей Солтүстік Кореядан 100 мың жалдамалы сарбаз әкелетін болса, мұндай әскер массасының ұрыс даласына келгені жасырын түрде қалмайды. Өйткені бұл процесс тез байқалатын болады», - деді Киричевский.  

Оның айтуынша, жалдамалылар сирек кездесетін танктерге мінеді.  

«Кеңестік Т-54, Т-55 көшірмелері және 1950 жылғы кеңестік зеңбіректері бар. Олардағы ұшақтар да реактивті истребительдер емес, мұражай бұйымдары. Егер Солтүстік Корея Кремльдің ұсынысымен келіссе, бұл АҚШ-қа Солтүстік Кореяның диктаторлық режимін түбегейлі шешуге көмектеседі», - деп түсіндірді сарапшы. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61