Әлем

АҚШ қорғаныс министрі: «Путин украиндықтардың соғыстан шаршағанын күтіп отыр»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Украинаны басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ. Ол украиндықтардың соғыстан қажығанын, ал Еуропаның энергия бағасының қымбаттығынан шаршағанын күтіп отыр. Бұл туралы брифингте АҚШ қорғаныс министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Кэл мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның айтуынша, Путин Киевтегі билікті өзгерту мақсатын жалғастыруда.  

«Енді Путиннің стратегиясы - украиндарды күту. Яғни, адамдар соғыстан қажыған кезде шабуылды күшейту», - деді Кэл.