Спорт
Головкиннің ендігі жекпе-жегі маусым айында болады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин DAZN компаниясымен ресми түрде келісімшарт жасасты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл жаңалықты DAZN твиттер желісіндегі парақшасында мәлім етті.
«Келіссөз жасалды. DAZN-ге қош келдің, Геннадий Головкин», — деп жаздыDAZN-ның твиттер парақшасы.
Жаңа келісімшарт бойынша Геннадий Головкин жылына екі жекпе-жек өткізеді. Ол әр жекпе-жек үшін қомақты қаржы алады. Журналист Майк Коппинджердің айтуынша, негізінде келісімшартқа 7 наурызда қол қойылған. Нақтырақ ресми түрде 12 наурызда Лос-Анджелестегі баспасөз мәжілісінде айтылады. Головкиннің ендігі жекпе-жегі маусым айында болады. Қарсыласы әлі белгісіз.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес DAZN компаниясымен 365 миллион долларға келісімшартқа отырған болатын. «Канело» 5 жыл ішінде 11 жекпе-жек өткізуге міндеттелді.