Bugin

Қазақстанның жаңа үш облысынан сенаторлар сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның жаңадан құрылған 3 облысынан сенаторларды сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлытау облысынан Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өзге кандидаттардан ең көп дауыс жинады.

Ал Жетісу облысынан Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Төлемісов пен Ербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев Парламент жоғары палатасының мандаты үшін сайлауда озық шықты.

Абай облысынан Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен "Қайнар" колледжінің директоры Айнұр Арғынбаева сайлаушылардың ең көп дауысын жинады.