Қарағандыда ірі жол апаты орын алып, бүтін бір отбасы қаза тапты (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат шамамен 23.30-да «Балқаш-Приозерск» тасжолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде 35-жастағы «Опель Вектра» жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25-жастағы азаматтың басқаруындағы «Хово» автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан.

«Опель Вектра» автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы, олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қаза болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61