Bugin
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Ол аймақ басшысының тәжірибелі маман екенін атап өтті.
«Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарды. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан соң.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қабылдаған шешімін өте дұрыс деп санайды.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кетуі туралы өтініш беретіні жазылған. Оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс», - деді Роман Скляр.