Bugin
Егер де біздің өмірімізде ата-анамыз болмаса немесе назардан тыс қалсақ табысқа жету мүмкіндігіміз әлдеқайда аз болар еді. Әрине, ата-ана болу қиын және табысты балаларды тәрбиелеуге қатысты ешқандай нұсқаулық жоқ. Алайда, сіз балаңыздың білімді әрі табысты болғанын шын мәнінде қаласаңыз ол үшін бар күшіңізді саларыңыз сөзсіз. Ендеше сіздерге балаларыңыздың табысқа жетуіне көмектесетін маңызды дүниелер туралы айтатын боламын.
1. Өзіңізбен жұмыс жасаңыз!
Қазақ халқында «әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген даналық сөз бар. Ендеше, тәрбиелеуді және білім алуды, дамуды өзіңізден бастаңыз. Оларға қамқор болу үшін өзіңізге де қамқорлық жасауыңыз керек. Егер сіз бақытсыз әрі нашар болсаңыз, балаңызға үлгі бола алмайсыз. Олар сіздегі нашар көңіл күйді бірден байқайды, себебі балалар өте ақылды.
2. Белсенділік танытып, олардың оқуына/біліміне араласыңыз!
Сіздің балаларыңыз өскен сайын білімнің оның болашақ өмірі үшін маңызды екенін білуі керек. Себебі, білім оның алға жылжуына көмектеседі. Оқу кезінде оларға көбірек уақыт бөлсеңіз, олар өздерін жайлы сезінеді және қиын кезеңде әрқашан көмекке дайын екеніңізді біледі. Сізге өздерінің нашар көрсеткіштерін көрсетуден қорқудың орнына, олар осы нашар өнімділікті қалай көтеруге болатыны туралы сізбен ақылдасатын болады. Оларға оқудан ләззат алуға көмектесіңіз және оны сақтау үшін бар күшіңізді салыңыз.
3. Оларға дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретіңіз!
Бала кезімізде көпшіл болуға үйретілмеген соң, өскенде адамдармен ортақ тіл табысу қиынға соғады. Әрине, кез келген ортада достар таба аламыз. Бірақ бізді жалпы қарым-қатынасқа үйретпесе, бұл сіздің балаларыңызды айтарлықтай тұйық әрі ынжық етуі мүмкін. Олардың көпшіл болуына көмектесіңіз. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға үйретіңіз. Олар бұл үшін сізге есейгенде алғысын білдіретін болады.
4. Оларды өздігімен болуға шақырыңыз!
Сіздің балаларыңыз өз ойын еркін жеткізе алуы керек. Оларға өз эмоцияларын білдіруге, өздеріне ұнайтын нәрсеге тікелей қатысуға, шығармашылық хоббилерін дамытуға немесе өздеріне ұнайтын спорт түрімен айналысуына мүмкіндік беріңіз! Балаңыздан оның не қалайтынын, немен айналысқысы келетінін біліп алыңыз! Баланы өзіңіз қалағандай етіп жасауға тырыспаңыз. Ол өз жолымен жүре берсін, оның өзі болып қалыптасуына кедергі жасамаңыз.
5. Оларды өзіне қажет дүние үшін соңына дейін баруға үйретіңіз!
Қандай жағдайға тап болсаңыз да, бар күшіңізді салуыңыз маңызды. Сіздің балаларыңыз бірдеңеде озық болмаса да, қолынан келгеннің бәрін жасағаны жеткілікті екенін білуі керек. Біз бәріміз адамбыз, кейде қолымыздан ештеңе келмейтін істер де басымыздан өтіп жатады. Көптеген жағдайларда біз дайын болған кезде кету керектігін және бір нәрсеге қалай оралу керектігін білуіміз керек.
6. Олардың табандылықтың маңыздылығын ұмытуына жол бермеңіз!
Балаларыңыз шындықпен бетпе-бет келгісі келмеуі мүмкін. Бірақ оларды табандылыққа үйрету өте маңызды. Өмірде табысты болу үшін көп күш салып, берілмеу керек. Егер олар бірдеңеде сәтсіздікке ұшыраса, оларға қолайлы нәтижеге жеткенше қайта-қайта әрекет ету керектігін түсіндіріңіз.
7. Оларды үй шаруасымен айналысуға үйретіңіз!
Үй жұмысы маңызды. Бұл балаларымызды жауапкершілікке үйретеді. Бұл оларға табыс сезімін сыйлайды және жалпы үй шаруашылығына үлес қосуға мүмкіндік береді.