Bugin
Бәрі із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін сияқты. Жоғалған адамдар, ұшақтар, тіпті жоғалған ядролық қарулар туралы да жазылады. Мына өмір кейде адамдар мен заттарды жұтып қойғандай көрінеді. Дегенмен, осы оқиғалардың ішінде кейбіреулері ерекше таң қалдырады. Бүгін осындай таңқаларлық оқиғалардың бірін жазатын боламыз.
Пойыздың Римнен шығуы
Бұл эпизод жолаушылар тасымалдайтын пойыздың айналасында болмақ. Ол із-түзсіз жоғалып кеткен, мистикалық атаққа ие болған - «елес пойыз» туралы. Оқиға 1911 жылы 14 маусымда жасалған жаңа пойыздан басталады. Оны Занетти итальяндық теміржол компаниясы жасаған. Жаңа пойыз алғаш рет қолданысқа берілгенде ең ұзын туннель арқылы өткен. Еуропада бұл туннель Ломбардия тауы арқылы жүргізілген. Бұл сәтті атап өту үшін Занетти компаниясы 100 сыйлы қонақты жаңа пойызға мінуге шақырады. Үш вагоннан тұратын пойыз Римнен шыққанда бәрі қуанышты болды. Алайда, бұл күні барлық оқиға керісінше өрбіді.
Оқиғаға куә болған жолаушылар
Кей ақпараттарға сәйкес, пойыз сапарын келеңсіз оқиғасыз бастаған. Барлық жолаушылар сән салтанатқа, пойыздың ішкі көрінісіне ырза болып, таңданыстарын білдірген. Алайда, әлгі туннельге жеткенде оқиға басқаша өрбіген.
Пойыз қараңғы туннельге кірген сәтте, жолаушылар мен тілшіле қайта шығуын күтіп отырған. Бірақ олай болмады. Біраз уақыттан кейін пойызда ақау бар екені айтылды. Мүмкін пойыз бұзылған немесе туннельде апат болған шығар. Билік қарап шығу үшін арнайы топ жіберген. Олар ұзындығы 1,6 шақырым туннель арқылы өтіп, мұнда пойыздың мүлде болмағанын көреді.
1911 жылы 14 маусым: Итальяндық Sanetti компаниясы уақыт пен кеңістік аралығындағы ұзақ сапарға өзінің Ghost Train-ін жіберген сәт
Пойызды іздеп, оған қаншама зерттеулер жүргізілгенімен, одан ешбір белгі болмады. Куәгерлерден жауап алынды. Пойызды туннельден қарсы алмақ болған куәгерлер туннельден ешқандай пойыз шықпағанын айтты.
Іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанда, құзырлы органдар пойыздан екі жолаушыны тапты. Екі жолаушы оғаш оқиғалардан шошынып пойыздан секіргендерін түсіндірді. Олардың айтуынша, аз уақыт бұрын пойыз туннельге кірген. Қатты гүрсіл естіліп, қараңғылықта пайда болған әлдебір көзге көрінбейтін «ақ тұман» пойызды жұтып жібергенін байқаған.
«Елес пойыздың» пайда болу орындары
Кейіннен «елес пойызға» байланысты түрлі аңыздар пайда бола бастады. Солардың бірі Модена монахының қызықты оқиғасы (бұдан 400 жыл бұрын). Ол үлкен металл құбырды көргенін, онда біртүрлі киім киген адамдар отырған жазады.
Содан кейін, 1845 жылы Мексикада да осыған ұқсас оқиға орын алған. Психиатр ауруханасына ерекше киім киген 104 итальяндық топты қабылдағанын жазды. Олардың бәрі абдыраған күйде болған. Олар Римнен пойызбен келгендерін айтқан. Жұмбақ адамдардың бірінде 1907 жылы шыққан темекі қорабы болған көрінеді.
1955 жылы шағын Завалчи ауылының (Полтава облысы) жанында ескі үш вагонды елес пойыз өтіп бара жатқаны хабарланады. Пойызды көрген адам «елес пойыздың» үнсіз өткенін айтты. Сол жылы жұмбақ, елес пойыз Үндістанның Махараштра штатындағы Пуна қаласында қайтадан көрінген. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар көне киім киініп алған.
1991 жылы ол Украинаның орталығындағы Полтавада қайтадан көрінген. Пойыз Ресейде, Германияда және Румынияда да байқалған. Тіптін, оның рельсте жүрмегені туралы жиі айтылады.