Bugin

Әлемедегі ең бай адамдар бір күнде 30 миллиард доллар жоғалтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэллдің мәлімдемесінен кейін миллиардерлердің байлығы азайды.

Әлемдегі ең бай 10 миллиардердің байлығы бір күнде 30 миллиард долларға азайды. Ғаламшардағы ең бай кәсіпкер, Tesla басшысы Илон Масктың байлығы 5,4 миллиард долларға азайып, 257,3 миллиард долларды құрады.

LVMH иесі Бернар Арноның байлығы 4,5 миллиард долларға азайып, 161,7 миллиард долларға жетті.

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос бір күнде 6,5 миллиард доллар жоғалтты, ал қазір оның байлығы 155,3 миллиард долларды құрайды.

Уоррен Баффет пен Ларри Эллисон 3 миллиард доллардан, Билл Гейтс 2 миллиард доллардан айырылды.

Google негізін қалаушылар Сергей Брин мен Ларри Пейдждің байлығы шамамен 5 миллиард долларға қысқарды.

Үндістандық Гаутам Адани байлығы алғашқы ондыққа көтерілген жалғыз миллиардер болды. Adani Group иесінің байлығы 1,6 миллиард долларға өсіп, 140,1 миллиард долларға жетті.

АҚШ Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэллдің мәлімдемесінен кейін миллиардерлердің байлығы азайды. Сегіз минуттық сөзінде Пауэлл инфляцияның өсуіне қарсы тұру үшін пайыздық мөлшерлемелердің одан әрі көтерілетінін мәлімдеді.