Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСоғыста қолына қару алып, өзіңізді, отбасыңызды, қарулас жолдастарыңызды қорғаудан басқа ешқандай таңдау жоқ секілді. Дегенмен, осындай қиын жағдайда да біреудің өмірін қиюға үзілді-кесілді тыйым салатын, өз ұстанымдарынан бас тартпайтындар да бар. Тарихта ерекше бір жарқын мысал бар – бұл Десмонд Досс есімді сарбаз.
Ол сеніміне берік пацифист (соғысқа қарсы адам) бола тұра, қаһарманға және керемет батылдықтың үлгісіне айналды.
Жас жігіт діндар отбасында тәрбиеленгендіктен адамдарға жамандық жасағысы келмейтін. 1939 жылы соғыс кезінде жауынгерлерге көмек көрсету үшін медициналық курстарға жазылады. Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында ол барлығымен бірдей шайқасқа дайындалады. Бірақ қаруды мүлде ұстамауға ант береді. Әскери шептегі қатарластары оны түрліше келемеждеп, қабылдамай қояды. Қанша ұстанымынан тайдыруға тырысса да, Десмонд қыңырлықпен атудан бас тартты. Офицерлер оны мойынсұнуға және қару қолданаһуға мәжбүрледі. Бірақ көп ұзамай басшылар Десмондты үйге қайтқаны үшін ешкім кінәләмайтынын айтып үгіттеді. Десмонд алған бетінен қайтпады. Нәтижесінде ол соғысқа шабуылдауға емес, жарақат алған сарбаздарға көмек беруге барды.
Жапонияда өрбіген соғыста өміріне қауіп төнсе де, оқ пен өрттің арасында жараланғандарды құтқарып жүреді. Ұрыс даласын жан сауғалап тастап кетпей, өзге өмірлерді құтқару үшін барын салады. Маэда жотасында болып жатқан соғыс стратегиялық тұрғыда күрделі еді. Ол өз өмірі үшін қорықпай, түнде көмекке мұқтаж сарбаздарды іздей бастады және оларды арқанмен тік жардан төмен түсіреді. Сөйтіп, 75 жолдасын таудан аман алып қалды, тек бір ғажайыптың арқасында бірде-бір жарақат алмаған. Құтқару операциясы 5 сағатқа жуық уақыт алып, еңісте тірі қалғандардың жоқтығына көз жеткізген кезде ғана Десмонд төмен түседі. Әскери қызметте оны «қорқақ» деп атағандардың бәрі енді оған басқаша көзқараспен қарай бастайды. Бұл жағдай әріптестерінің оған деген көзқарасын толығымен өзгертті. Олар жас жігітке үлкен құрметпен қарайды, тіпті оған сыйлық жасады. Тағы бір сұрапыл шайқаста досы жараланып, ұнатқан қызы тарту еткен киелі кітаптан айырылды. Аймақты тазартқаннан кейін сарбаздар аумақтың әр сантиметрін тінтіп, жоғалған кітапты тауып береді. Десмонд госпитальда күш-қуатын қалпына келтіріп жатқанда, сарбаздардан бағалы сыйлық алды, ол сол Киелі кітап болып шықты.
Ол өзінің өмірлік ұстанымына қарамастан, ең жоғары әскери марапат – «Құрмет» медалін алады. Ол жалпыға бірдей адамгершіліктің керемет үлгісін көрсетеді. Оның өмірі мен ерлігі туралы фильмдер түсіріледі. Кітаптар жазылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61