Bugin

Конгрессмен: Байденнің шегінуі бүкіл әскерге жасалған опасыздық болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан америкалық әскерилерге опасыздық жасады. Бұл туралы конгрессмен Брайан Маст хабарлады.

«Он екі жыл бұрын мен Талибанның 2001 жылы құлағанға дейінгі соңғы тірегі Қандагарда аяғымнан айырылдым. Бір жыл бұрын маған Американың әскери техникасымен тәліптердің шеруін сол жерден тамашалауға тура келді. Президент Байденнің шегінуі бүкіл әскерге опасыздық болды», - деп жазды саясаткер Twitter-де.

2021 жылдың тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылын күшейтті, 15 тамызда олар Кабулға кіріп, келесі күні соғыстың аяқталғанын жариялады. Тамыз айының соңғы екі аптасында америкалық әскерилер қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс елдерінің азаматтары мен олармен ынтымақтастықта болған ауғандықтар эвакуацияланды. 31 тамызға қараған түні америкалық әскерлер Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың республикадағы 20 жылға жуық  бақылауын тоқтатты. Эвакуация кезінде АҚШ қарулы күштерінің 13 сарбазы қаза тауып, 20-сы жараланды.