Bugin
АҚШ-тың Техас штатындағы «Динозавр алқабы» саябағында 113 миллион жыл бұрынғы ежелгі динозаврлардың жаңа іздері табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Палеонтологтардың айтуынша, бұл іздерді акрокантозаврлар қалдырған. Олардың салмағы шамамен 7 тонна, ал биіктігі 4,5 метр болған.
Ал басқа іздерді завропосейдон қалдырған. Бұл мойны ұзын әрі ірі динозавр – салмағы шамамен 44 тонна, биіктігі 18 м-ге дейін жетеді.
Бұл туралы NBS News хабарлады.
Мамандардың айтуынша, табылған динозавр түрі жол бойымен 100 футтай жүріп өтіп, 140-қа жуық із қалдырған.