Bugin
Ақ пен қара. Оны әркім өзінше көреді. Теннис тарихында есімін қалдырған апалы-сіңіл Уильямстардың әкесі әрі бапкері Ричард Уильямстің «ақ пен қара: мен оны қалай көремін» биографиялық кітабы үздікке қосылған. Ылғи да қара нәсілді адамдардың шектеуге ұшырағаны жанына бататын Ричард балаларының тағдырын өзгеше өрбіткісі келеді. Қыздарының қабілетін ашуға бағыттаған талпынысы текке кетпейді. «Король Ричард» туындысында оның жетістігі түгелімен баяндалады.
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды. Кейінгі кездерде бұл сөз пафос секілді естіліп те жүрген. 1980 жылы 4 күндік теннис турнирінен 40 мың АҚШ долларын жеңген 25 жасар руминиялық Вирджиния Рузичи туралы мәлімет бас қаһарманымызды елең еткізеді. Осылайша ол перзенттері дүние есігін ашпай жатып-ақ қыздарының өркендеу жолына арналған 78 беттік кітапша жазып алады. Маңайындағылар оны есі ауысқан жынды санағанмен, оның жоспары айна қатесіз жүзеге асады. Қос қызы теннис тарихында марапаттар алу бойынша рекорд орнатып, жаңалық жасайды. Кинокартинада Винус пен Серенаның нәресте кезінен-ақ теннис ракеткасын ұстағаны көрсетілмейді. Дегенмен олардың көршілері мен туыстары бұл фактті растайды. Винус 4 жасынан бастап тенниске машықтанады, Серена әпкесіне ілесіп одан да ерте жаттығып бастайды. Фильмде қарсыластар көп болмағандықтан да Ричард үлкен теннисті таңдағандай етіп көрсетеді. Негізінен 1980 жылдардан бастап үлкен теннис жеңімпазына арналған ақы жоғары болатын. Табыстың көптігі кімге ұнамасын? Ричард та бұл факторды айналып өте алмайды. Қыздарын үлкен тенниске баулу барысында бұл фактор әсер етеді. Қарапайым қарауыл әке қыздарын қылмыс белең алған шағынауданда өсіреді. Балаларға қатаң қатынас жасады деп көршілері айып таққан сәттер де болады. Дегенмен Ричард келген тексерушілерге барлық қара нәсілді адамдар секілді қыздарының тағдыры бірізді болмауын қалайтынын жеткізеді. Наша, алкогольге тәуелділік, туындамауы үшін барын салатынын айтады. Тіпті қыздарының сабақ үлгерімінің жоғарылығы да тексерушілерді тойтаруына сеп болады.
Кордқа шыққан сәтінде Серена да, Винус та расистік көзқарастағы адамдардың негативіне тап болады. Бірақ Ричард қыздарына бұл жағдаятты өз пайдасына шешу керектігін ұқтырады.
78 бет: шік пен бүк
Сурет фильм кадрынан
Ричардтың жоспары қағазға өзі жазғандай өрбейді. Ол қыздарын жарқын болашақпен қамтамасыз ететін инвесторды көп іздейді. Фильмде шарқ ұрған әкенің образы жақсы суреттелген. Мүмкіндікті қалт жібермей, қандай есік, тесік болса да өз мүддесіне шешкісі келеді. Қарсы жауапқа жасымайды. Әр таң сайын сағат алтыда жаттығу жасап, қыздарының үлгерімін қадағалайды. Кейде мағынасын дұрыс түсінгенше фильмді қайталап көрсетіп, балаларының ерік-жігерін шыңдайды. Жергілікті бұзақылардың шабуылына ұшырап, тепкінің астында қалса да Ричард ойынан бас тартпайды. Әр күні таңғы сағат алтыда жаттығу жалғасын табады. Дегенмен қыздарына мүмкіндік туғанда, Ричард отбасымен қылмыс белең алған геттодан қоныс аударады.
1998 жылы әйелдер теннисінде есімі қалыптасып келе жатқан жас жұлдыз марихуанна тұтынып, қонақүйде ұсталады. Жас спортшыларға жасөспірімдер арасындағы турнирдің психологиялық қысым екенін жете түсінген Ричард осы жағдаяттан соң қыздарын турнирлерден шектейді. Washington Post газетіне берген сұхбатында Уильямс: «Дженнифер Каприати мен Андреа Йегердің (1981 жылғы әлемнің екінші ракеткасы) есімдері бәріне белгілі, бірақ сіз маңызды емес жарыстарға қатысатын мыңдаған қыздар туралы ешқашан естімейсіз. Тек олар пайда болғанға дейін кәсіби мамандар ішінен күйіп кетеді. Мен қыздарыма жарқын тағдыр тілеймін».
Үлкен теннис жолына алдымен Винус шығады. Жеңіліспен басталса да оның спорттық мансабы жарқыраған кезең болды.Серенаның теннис турнирлерінде – 73 , ал Винустың – 49 жеңісі бар. Кіші сіңлісі осы уақыт ішінде 94 миллион доллар, ал үлкені 42 миллион доллар алды. «Король Ричард» фильмі шыққан кезде Серена Уильямс WTA рейтингінің 41-ші қатарында болды, ал Винус – 317-ші. екі спортшы да қырық жаста, бірақ олар Ричард Уильямс өзінің мансабының басында айтқан жарыстарға селективті тәсіл тактикасын қолдана отырып өнер көрсетуді жалғастыруда.
Опра Уинфри шоуында Серена: «Ол түнде ұйықтамады, ойындарды қарап, қорытынды жасады. Ол анама әдіс-тәсілдерді үйретті. Ал әкем бос емес кезде оларды бізге анам үйретті. Соңында, ол бізге әйгілі қызметімізді берді. Біздің жетістіктеріміз - оның еңбегі», - деді.
Ақиқат пен аңыз
Фильм кадрынан сурет
Қыздары ылғи мақтап, мадақтап, әр сұқбатында есімін атаса да негізінен Ричард балаларына қатты қарады. Кей деректерде Ричардтың 19 биологиялық баласы бары айтылады. Ричард Уильямстың практикасын спорт теориясына енгізбеген. Дегенмен жапондық теннисші Наоми Осактың әкесі, әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы, Уильямс апалы-сіңлілерінің идеяларынан шабыт алғанын мойындады. Үлкен теннистің негізгі турнирлерінде алғашқы қадамдарын жасаған американдық продюсер Кори Кнауф Уильямс отбасына шабыт көзі ретінде сілтеме жасайды. Ричард Уильямс жасаған, Винус пен Серена белсенді қолданған жарыстарды таңдау әдістемесі қазір әртүрлі пәндер бойынша жетекші спортшыларды негізге алады. Фильмде әр кейіпкердің көлеңкелі тұстары, кейіннен тап болатын даулы мәселелері көрсетілмейді. Отбасыны гармониялық байланысы бар деп көрсетеді. Тұрмыстық жанжал, ата-ана арасындағы қызғаныш мәселелері қамтылмайды. Ол фактор характерлердің психологиялық қысым жасалса да, чемпион болып қалыптасқанын аша түсер еді. Ричард ылғи да қыздарына кордта жақсы қатынас жасамайтыны жайлы айтып, расистік қатынасқа сілтеп шағымданған. Дегенмен, кәсіби мамандар апалы-сіңілілер қанша танымал болса да, кісңби білігі болса да, маңайына өте қопал қатынас жасайтынын айтқан. Фильмнің романтизациясын арттыру үшін болса керек, бұл сюжет көрсетілмейді.
Осыған дейін керемет образдарды сомдаса да 2002 жылдан кейін Оскар мүсіншесін иелене алмай жүрген Уилл Смити осы жолы марапатқа ие болды. Дегенмен дәл осы фильм Оскар алуға лайық емес еді. Парадокстар жетіп артылады. «Үздік ер адам образы» үшін мүсінше алған актер тосын жайтты басынан өткерді.
«Оскар» жеңімпаздарын мараттау кешінде Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдеді. Осыған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді. Осы сөздерден кейін Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрады. Актер орнына оралғаннан кейін ол Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. Ұйымдастырушылар дыбысты өшіргеніне қарамастан, Смиттің ашуланғанын мимикасынан-ақ байқауға болады. Кейіннен Уилл әрекетінің дұрыс болмағанын айтып, желіде жазба жариялады.
«Кез келген түрдегі зорлық-зомбылық улы және жойқын. Кеше түндегі мінез-құлқым ерсі және кешірілмейді», - деп жазды Смит.
Ол өз тарапына айтылған әзілдерді тыңдау актерлік жұмысының бір бөлігі екенін, бірақ әйелінің денсаулығына қатысты ескерту эмоциялық реакция тудырғанын айтты.
«Крис, сенен көпшілік алдында кешірім сұраймын. Мен шектен шықтым, менікі қате болды. Өз ісіме ұяламын... Махаббат пен мейірімділік әлемінде зорлық-зомбылыққа орын жоқ», - деп жазды Смит.
Кейбір адамдар бұл сценарийді арнайы ұйымдастырылған десе, енді бірі қатерлі ісікке шалдыққан Пинкетт-Смитті қолдап жатыр.
Айта берсек, Оскардың қызығы көп. Біреулер бар ғұмырын кино саласына арнап бір мүсінше ала алмайды. Кейбірі дебюті арқылы мүсіншені қағып әкетеді. Мысалы, көп адам Джон Казаленің кім екенін білмейді. Бірақ оның себебі әртіс бар болғаны 5 фильмге түскен. Алайда ол қатысқан барлық фильм Оскар сыйлығына «Үздік фильм» ретінде номинацияланған. Кейбір адамдар тіпті Оскарды бір клуб мүшелері өз-өзін марапаттайтын номинация деп қана қарайды. Киноиндустрияда бәсеке мен жасап отырған бұл сайыс камераның айналасында жүрген әр маманның арманы. Әр адам – бір фильм. Ал сіз қандай фильм түсіріп жүрсіз?