Әлем

Қытай АҚШ-ты айыптап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне АҚШ пен Тайвань сепаратистері кінәлі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Егер АҚШ «жалғыз Қытай» қағидатын ұстануды қайта бастаса, Қытай Тайвань бұғазындағы әскери белсенділігін төмендетеді, деді ол.

«Тайвань тәуелсіздігі деп аталатын жақтастарға қате сигналдар жіберудің қажеті жоқ», — деді Қытай СІМ өкілі.

Чжао Лицзян Тайваньдағы жалғыз заңды билік-Бейжіңдегі үкімет екенін айтты.

«Тайвань бұғазындағы жағдай өзгерді, АҚШ пен Тайвань сепаратистері кінәлі», - деді ол.