Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», - делінген хабарламада.

Түркістан облыстық мәслихатының отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты. Халық қалаулылары Дархан Сатыбалды кандидатурасына дауыс берді.

Өміржолы:

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық - заң университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолы:  

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Сенат депутаты болып сайланды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61