Bugin

Бақытты қайдан табамыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірде бақытты қайда орналастыру туралы талас жүрген екен. Таудың басынан адам тауып алады. Себебі күші көп. Судың түбінен адам тауып алады. Ойы ұшқыр деп, дал болады. Сонда ешкім таба алмас орын ретінде адамның ішіне бақытты орналастырыпты. Бақыт туралы қызықты төрт әңгімені назарларыңызға ұсынамыз. Ішіңіздегі бақытпен үйлесімді болыңыз!

Бақытты бол

Бір қария жолды кесіп өтеді. Қасынан өтіп бара жатқан салт атты «Жолдан кет!» деп айғайлайды. Ашуға бой алдырған жолаушы қарттың бетінен бір ұрады. Қарт кетіп бара жатқан салт аттыға «Бақытты бол» деп айтып қала берді. Бәрін көріп тұрған шаруа қартқа жақындап келді. «Сіз шынымен момынсыз ба?» деп сұрады. Қария «жоқ» деп жауап береді. «Егер атты жолаушы бақытты болғанда, мұндай әрекетке бармас еді. Бақытты адамдарды келбетіне қарап-ақ танисың»,-деген екен.

Бақыт үшін азап шегу

Бірде бір данышпан дүниенің сұлулығына тамсанып, өмірден ләззат алып, жол бойымен келе жатыр екен. Кенет ол адам төзгісіз ауыртпалықтың астында еңкейіп бара жатқан байғұсты байқады.

«Неге өзіңді мұндай азапқа ұшыратасың?» – деп сұрады данышпан.

Балаларымның, немерелерімнің бақыты үшін қиналып жүрмін – деп жауап береді әлгі кісі. Арғы атам атамның бақыты үшін өмір бойы азап шекті, атам әкемнің бақыты үшін, әкем менің бақытым үшін азап шекті. Ал мен балаларым мен немерелерімді бақытты ету үшін өмір бойы қиналып өтемін.

Сіздің отбасыңызда біреу бақытты болды ма? – деп сұрады данышпан.

Жоқ, бірақ менің балаларым мен немерелерім міндетті түрде бақытты болады - деп жауап берді байғұс.

Олар бақытты болмайды, - деп жауап берді данышпан. Өзіңіз бақытты болмасаңыз, балаларыңызды бақытты ете алмайсыз. Алдымен өзің бақытты болуды үйреніңіз. Сонда сіз балаларыңыз бен немерелеріңізді қалай бақытты ету керектігін түсінесіз.

Шұңқырдағы бақыт

Бақыт әлемді шарлайды. Ол жолда кездескендердің бәрінің тілегін орындайды. Бірде бақыт немқұрайлылық салдарынан шұңқырға түсіп, одан шыға алмай қалады. Адамдар шұңқырдан өтіп бара жатып тілектерін айтты, ал бақыт бәрін оларды орындайды. Ешкім бақыттың жоғары көтерілуіне көмектесуге асықпады.

Сол кезде шұңқырға бір жас жігіт келді. Ол бақытқа қарады, бірақ ештеңе талап етпеді.  Бұл жерден кет - деді бақыт. Жігіт оның тесіктен шығуына көмектесіп, өз жолымен кетті, ал бақыт жігіттің артынан жүгіреді.

Бақыттың құны қанша тұрады?

Таңертең ерте бір данышпан монах шәкіртімен бірге бақшада серуендеп жүреді. Олардың жанына бір жас жігіт келеді. Біраз ыңғайсызданып, ұстаз бен шәкіртімен амандасты да, «Ұстаз, мен бір қызды қатты жақсы көремін, ал ата-анамыз үйленуге қарсы емес, бірақ мені қорқыныш пен күдік билеп алды» деп сұрады.

Сізді не туралы ой алаңдатады? Неден қорқасыз? – деп сұрады мұғалім.

Мен одан, отбасылық өмірден көңілім қалуынан қорқамын, өйткені мен дұрыс істеп жатқанымды алдын ала біле алмаймын, - деп жауап берді шаруа.

Егер, қызды жақсы көрсең, ол да сені жақсы көрсе, оған үйлен, - деп жауап берді мұғалім.

Жігіт данышпанның ақыл-кеңесі үшін алғыс айтып, кетіп қалады. Шәкірт: «Ұстаз айтыңызшы, жас жігітке үйленуге неге кеңес бердіңіз, егер көңілі қалудан қорықса, күте тұрып, үйлену тойын кейінге қалдыру керек емес пе?

Осылай сөз таластырып, әрнәрсеге бір көңілсіздік таныту арқылы бақыт үлкен уайыммен емес, кішкене қуанышпен келетінін ұмытып кетеміз,-деп жауап береді ұстазы.