Әлем

Украинаны қалпына келтіру үшін қанша қаражат қажет?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Зеленский француздық кәсіпорындар қозғалысына (MEDEF) жасаған үндеуінде Украинаны қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 миллиард доллар қажет болатынын мәлімдеді. Ал, нақты сома соғыс қимылдары тоқтатылғаннан кейін айтылмақ, деп хабарлайды Bugin.kz портады Tass.ru басылымына сілтеме жасап.

«600-800 миллиард доллар – Луганода айтылған мәлімет. Бұл соманы дәйекті сараптамалар жүргізгеннен кейін жария еттік, біздің ойымызша, келтірілген залал осындай көлемде болды. Барлығын жаңадан қалпына келтіру үшін шамамен осындай қаражат қажет», – деп мәлімдеді Украина президенті.

Сондай-ақ ол француз компанияларын соғыс қимылдарынан кейін Украинаны қалпына келтіруге қатысуға шақырды.