Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАргентинаның Тукуман провинциясында белгісіз вирус салдарынанн бір адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Аргентина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, ауруханаға түскендердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Барлық науқастарда екі жақты қабыну байқалады.
Тексерулер олардың коронавирус, А және В тұмауы, хантавирус және басқа да инфекцияларды жұқтырмағаны анықталды.
«Олардың ауруының себебі анықталмады және зерттелуде», - деді денсаулық сақтау министрі Луис Медина Руиз.
Қазіргі уақытта вирустың шығу тегі анықталып, су айдындары мен ауа жағдайы зерттелуде. Науқастардан алынған сараптаманың нәтижесі бірнеше күннен кейін белгілі болады делінген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61