Bugin

Енді бағаны белгілеуге мемлекет араласпайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді бағаны белгілеуге мемлекет араласпайтынын бүгінгі жолдауында айтты. Бұл туралы Bugin.kz Ақордаға сілтеп хабарлайды. 

«Бірінші. Бағаны әкімшілік реттеу бүкіл салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, тауар тапшылығына және импортқа тәуелділікке әкеледі.

Сондықтан баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет.

Ерекшелік бәсекеге қабілетті емес нарықтар болады – монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бірақ бақылау қысым дегенді білдірмейді»,-деді мемлекет басшысы.