Bugin

Қосанов: «Президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов кезектен тыс президен  сайлауына қатысуға дайын екенін хабарлады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой. Бірақ, мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, ютағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін» - деп жазды Қосанов.