Bugin

LRT құрылысы екі жылда аяқталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордадағы LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 577 миллион доллар қажет, ал 20 миллиард теңге көлеміндегі бірінші транш бөлінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қала әкімі үздіксіз қаржыландыру жағдайында қытайлық серіктестер жобаны екі жыл ішінде аяқтауға дайын екенін атап өтті.

«Үздіксіз қаржыландыру болса, қытайлық серіктестер құрылысты екі жылда аяқтауға уәде беріп отыр», - деді Көлгінов.

Ол жобаны аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет екенін, 20 миллиард теңге көлеміндегі бірінші транш бөлінгенін, жыл соңына дейін тағы да қаржы күтілетінін еске салды. Жобаның мердігері – сол қытайлық консорциум.

«Оны салу туралы шешім қабылданды. Біз шектен шығып кеттік, қайтпас нүктеден өттік», - деді қала әкімі.

Бұл ретте ол LRT-ге қызмет көрсету үшін алдын ала есептеулер бойынша жыл сайын 4 млрд теңге қажет болатынын айтты. Жол ақысы субсидияланады, бірақ «автобустың жолақысынан сәл жоғары» болады.

«Бұл болашақтың жобасы, ол тиімсіз. Бірақ жолдағы жүктерді түсіру керек», - деп түйіндеді сөзін Көлгінов.