Bugin

Тоқаевтың қабылдауында болған Дархан Қыдырәлі министр етіп тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін ғана президент қабылдауында болған Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы bugin.kz порталы akorda.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

«Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген хабарламада.

Дархан Қыдырәлі осыған дейін Түркі академиясын басқарған. Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары ретінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.