Bugin

Адамзат тарихындағы ең дарынды бала кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Любектік сәби» атанған Кристиан Фридрих Гейнекен қаншалық өнерлі болса да, ізінен өлең де, картина да, симфония да қалмаған талант. Ол суретші, немесе музыкант емес... Дегенмен не сұраса да, бәрін білетін дана болған.

Бір жасар қарапайым бала тек «ана» және «әке» деп айтатын кезде Кристиан Фридрих Киелі кітаптың алғашқы бес кітабынан негізгі оқиғаларды білетін. Екі жасында ол Жазбаның барлық үзінділерін жатқа айта білген. Бір жылдан кейін бала өз біліміне дүниежүзілік тарих пен географияны қосып, оны латын және француз тілдері, математика мен биологияны оқумен біріктірді.

Төрт жылға жетер-жетпес уақытта Кристиан Фридрих Любек гимназиясының студенттеріне лекция оқыды. Бала Рим және Германия императорларының өмірбаяндарын шатаспай әңгімелеп, талдайтын.  Цезарь мен Августтен Константинге, Птоломей мен Ұлы Карлға дейін бәрін-бәрін білетін. Содан кейін ол Израиль патшаласының қабылдауында Германия географиясының ерекшеліктері туралы лекция оқыды. Географиямен басталған лекция адам қаңасы мен құрылысы туралы анатомияны айтып аяқталды.  Бала көптеген ғылыми еңбектерді жаттап айта алғандықтан, сағаттап мүдірмей, дәлел келтіре отырып сөйлей алатын.

Ғажайып дана бала туралы қауесет Дания королі IV Фредерик-тің құлағына да шалынады. Үш жасар баланың төрт тілде еркін сөйлейтінін, патшаның өзі туған дат тілін аз білетінін және әрең қол қоятынын айтқанда, ол сенбеді. Кароль сәбиді Копенгагенге жеткізу туралы шешім қабылданды.

Жас Гейнекен патша мен сарай қызметкерлеріне беделді дереккөздерге сілтеме жасай отырып тарихтан бірнеше лекциялар оқыды. Оған бірден Миракулум лақап ат берілді (латын тілінен аударғанда «ғажайып»). Бала патшамен кешкі ас ішуден бас тартты. Себебі ол жарма мен астық пен ұннан жасалған тағамдардан басқа ештеңе жемейтінін айтқан. Яғни бала тек ботқамен қоректенген.

«Біздің өміріміз түтін сияқты...»

Дания патшалығына  бару және қайту бірнеше айға созылады. Үйге оралған бойда Кристиан ауырып қалады.  Жалпы әлсіздік, ұйқысыздық, бас ауруы оның мазасын алып, қажытып жібереді. Тіпті ол өзі сүйсініп жейтін ботиқасын да татып ала алмайды. Балаға  Целиакия ауруы деген диагноз қойылады. Бірде баланың ісінген аяғын шөппен емдегенде: «Біздің өміріміз түтін сияқты» депті. Неміс вундеркиндісі,  төрт жылдан асар-аспас өмір сүрді.