Bugin
Ресей президенті Владимир Путин қазірдің өзінде Украинаның оккупацияланған кейбір аумақтарынан бас тартуға дайын. Бұл пікірді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк ресейлік журналист Юлия Латынинаға берген сұхбатында айтты.Бұл туралы bugin.kzпорталы unian.net ақпараттық агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Оның айтуынша, қазір Ресей президенті «жаңа аумақтық иеленулер мен басқа аумақтардың жаңа құқықтық мәртебесін» ішінара түзеткісі келеді.
«Егер келіссөздер бүгін жүргізілсе, онда ол (Путин. редакция) тіпті белгілі бір аумақтардан бас тартуға дайын болады, бірақ сіз де, мен де мұны түсінеміз. Ол жеңісін Еуропа мойындауы үшін осы қадамға баруы ықтимал. Бұл ол үшін өте маңызды. Өйткені осы жағдайда ол соғыс қылмыстары үшін, ішінара өтемақы үшін жауап бермейді, содан кейін жасаған көптеген әрекеттері үшін жауап бермейді», - деп түсіндірді Подоляк.