Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанай облысында өрт салдарынан 86 жастағы қария қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге сілтеп bugin.kz хабарлайды.
«Бұған дейін хабарланғандай, сағат 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында үйінділерді тазалау кезінде адам өлімі фактісін анықтадық. Ол 1936 жылы туған мүмкіндігі шектеулі азамат. Оған хабарланған, бірақ эвакуациялау шараларын қабылдаудан бас тартты.Соған қарамастан адам өлімі фактісі бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілетін болады», - деді министр.
Сондай-ақ ол бүгінге дейін өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден астам адам эвакуацияланғанын қосты. Өрттің жалпы ауданы 106 000 орман қорының 43 000 гектардан астамын құрайды.
Еске салайық, 3 қыркүйекте метеорологиялық жағдайдың күрделене түсуіне, оның ішінде ауа температурасының 36 градус жоғары болуына, дауылдың жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуіне байланысты өрт аумағы 9400 гектардан асты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61